Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Atameken Business телеарнасының «Түскі формат» бағдарламасында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы сөз болды. 50 минут бойы спикерлер пилоттық жобаға енгізілген жаңашылдықтар, болашақ оқу орындарын жарақтандыру, қазақстандық бизнесті қолдау мен бөлінген қаражаттың игерілуі сияқты өзекті мәселелерді талқылады.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістің нәтижесіне тоқталды. Ғабит Малғаздаров 2023 жылы бөлінген 499,9 млрд теңге бүгінде толық көлемде игерілгенін айты. Бюджеттік кодекске сәйкес, пилоттық жобаның қаржысы 2024 жылға ауысады. Бағытталған ақша 208 мектепті жобалауға және салуға бағытталған. Бірақ жұмысты жалғастыру үшін қаржы әзірге жоқ. Ағымдағы жылға жоспарланған 813 млрд теңге әлі түскен жоқ.
Мектептерді жобалауға тоқталсақ, процесс бірнеше фактор салдарынан кешеуілдеді. Біріншісі өткен жылдың қарашасында өзгерістер енгізілген ҚР Үкімет қаулысына байланысты. Екіншісі жобалық-сметалық құжаттаманы оңтайландыруға қатысты. Дирекция 89 ЖСҚ сметалық құнын 22,5 млрд теңгеге төмендету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Кейін «Мемсараптама» РМК сарапшыларымен бірлесіп, жоба құны тағы 44,6 млрд теңгеге қысқартылды. Жалпы үнем 67,1 млрд теңгені құрады.
Оған қоса жайлы мектептердің дизайнын әзірлеу барысында 1,5 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. 208 оқу орнының дизайнын бөлек әзірлеумен қуаттылығы бойынша 7 мектепке арналған интерьердің «жоспарын» дайындауды салыстыруға келмейді. Бұл бірыңғай дирекция жұмысының нәтижесі, деп атап өтті Ғабит Малғаздаров.
Тікелей эфирге қатысушылар нысандарды салу мен жарақтандырудағы қазақстандық өнім үлесі мәселелеріне тоқталды. Көрсеткіш 69-дан 80 пайызға дейін жетеді. Атап айтқанда, жайлы мектептерге арналған жиһаз тек отандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Импортпен жабдықтауға рұқсат етілмейді. Бұған ұлттық жобаның барлық құжат айналымы ауысқан «Е-Qurylys» ақпараттық жүйесі де жол бермейді. Платформада мердігер ұйымдар сатып алынған әрбір тауарды және оның өндірушісін көрсетуге міндетті.
Бағдарламаға қатысушылары құрылыс саласын цифрландыру бойынша атқарылған шаруаға оң бағаларын берді. Себебі, ақпараттық жүйе жүргізіліп жатқан жұмыстың толық ашықтығын қамтамасыз етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
93
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона