Главная Новости SK Construction «Жайлы мектеп» бойынша өтінім қабылдау мерзімін ұзартты
17 наурыз 2023, 11:25 910

SK Construction «Жайлы мектеп» бойынша өтінім қабылдау мерзімін ұзартты

SK Construction «Жайлы мектеп» бойынша өтінім қабылдау мерзімін ұзартты

2023 жылғы 7 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «дайын күйінде тапсыру» құрылыс және жобалау бойынша кешенді жұмыстарды сатып алуға конкурс жариялады. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні 2023 жылғы 17 наурызда сағат 18-00-ге дейін болып белгіленген (Астана уақыты бойынша).

Алматы қаласы әкімдігінің хатына сәйкес, Ұлттық жоба шеңберінде мектеп салуды жоспарланған Розыбакиев-Қожабеков көшесіндегі жер телімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) арқылы дайын объектіні сатып алу ретінде іске асыру механизміне көшті. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігіненде келген хатқа сәйкес, Тельман шағын ауданындағы жер телімі басқа жер теліміне ауыстырылды.

Жоғарыда аталған өтініштер негізінде, 2023 жылғы 15 наурызда аталған қалалардағы конкурстар бойынша лоттар саны азайтылды.

Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ атына «Атамекен» ҰКП, құрылысшылар қауымдастықтары мен одақтарынан, жобалаушылар және әлеуетті жеткізушілерден конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде банктік кепілдіктерін шығару қысқа мерзімдерідің белгіленуі бойынша, жобалау компаниялары үшін арналған біліктілік талаптарын жеңілдетуді және жұмыс тәжірибесі ретінде «мектептерге қосымша құрылыстарды» қабылдау туралы бір қатар өтініштер келіп түсті.

Осы себептер негізінде, өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 29 наурызға дейін ұзарта отырып, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Әлеуетті жектізушілерге қойылатын келесі талаптар жеңілдетілді:

1) консорциум құрамында жұмыс тәжірибесін растау мүмкіндігі бірнеше жобалық компанияларға берілді.

2) Соңғы 10 жылдағы жалпы жобалау тәжірибесі соңғы 15 жылға өзгертілді, оның ішінде:

1 санат бойынша - 20 жоба 15 жобаға өзгертілді;

2 санат бойынша - 15 жоба 10 жобаға өзгертілді;

3 санат бойынша - 10 жоба 5 жобаға өзгертілді.

3) «мектептерге қосымша құрылыстарды» салу жұмыс тәжірибесі әлеуметтік объект ретінде қабылданатын болады.

Бүгінгі таңда 187 мектептерге жарияланған барлық 20 конкурс бойынша сатып алу веб-порталын кіріп-шығу статистикасына сәйкес, бизнес қоғамдастық өкілдерінің конкурстарға қатысуға қарқын белсенділік пен қызығушылық тенденциясы бар:

- сатып алу веб-порталында 27 мыңнан астам қаралымдар тіркелген;

- конкурстық құжаттамамен 4 мыңнан астам компаниялар танысты;

Конкурстар жарияланған сәттен бастап әлеуетті жеткізушілерден конкурстық құжаттаманың талаптарын және сатып алу веб-порталының жұмысын түсіндіру бойынша 1040 телефон қоңырауы түсті.

807 телефон қоңырауларына жауаптар берілді. Осыған байланысты, телефон желісіне үлкен жүктеме артылғасын кейбір компаниялардың қоңыраулары жеткен жоқ.

Сатып алу веб-порталының жұмысына және конкурстық өтінімдерді жүктеуге қатысты сұрақтар да болды.

Конкурстық өтінімді бір архивтелген файлмен немесе PDF форматында жүктеу керек, оның өлшемін көптеген бағдарламалық жасақтама мен интернет-ресурстардың көмегімен азайтуға болады. Сонымен бірге жүктелетін файлдың максималды көлемі 200 мегабайттан 2 гигабайтқа дейін ұлғайтылды.

Жалпы веб-портал штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.

Көбінесе компаниялар конкурстық құжаттамамен мұқият таныспастан сұрақтар қояды, негізінде олардың жауаптары осы құжаттамада көрсетілген.

Мысалы:

- консорциум дегеніміз не?;

- веб-порталда қалай тіркелуге болады?;

- өтінімдер қағаз жеткізгіште беріле ме?;

- құжаттарды нотариалды куәландыру қажет пе?

Осыған байланысты, бизнес қоғамдастық өкілдеріне өтініш, конкурстық құжаттамамен мұқият танысыңыздар, себебі сіз берген конкурстық өтінімнің сапасы тығыс байланысты.

Конкурстық құжаттама бойынша жиі қойылатын сұрақтарды түсіндіру үшін мынаны атап өткен жөн:

1) Бір жобалық компания конкурсқа әр түрлі құрылыс компанияларымен әр түрлі консорциумдардың құрамында қатыса алады;

2) Өтінімде қамтылған құжаттар сатып алу веб-порталы арқылы (https://skcn.qaz.network/) электрондық құжат нысанында ұсынылуы тиіс, ал банктік кепілдік өтінім құрамында электрондық түрде беріліп, сонымен қатар, оның түпнұсқасы Тапсырыс берушінің атына уәкілетті тұлға арқылы (сенімхат бойынша) тапсыруға тиісті;

3) Сатып алу веб-порталдың банктік жүйелерімен интеграция болмауына байланысты электрондық банктік кепілдігі қабылданбайды;

4) Егер құжаттардың түпнұсқасы болса, консорциалдық келісімді қоспағанда, барлық құжаттарды нотариалды куәландырудың қажеті жоқ;

4) Жобалау компаниясына мектептердің сыйымдылығы әртүрлі конкурстарға (лоттарға) қатысуға жол берілмейді.

Яғни, жобалық компания мектеп сыйымдылығының бір желісін ғана таңдауға құқылы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: