Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Құрылыс материалдарын, жиһаз бен жабдықтарды сатып алу кезінде қазақстандық өндірушілерге басымдық беріледі. 17 шілдеде ашық нормативтік актілер сайтында (Ашық НҚА) Үкіметтің №963 қаулысына енгізілген өзгерістерді талқылау аяқталды. Құжатқа шілде айының соңына дейін қол қойылады.
Қаулыда мектептерге арналған жиһаз «Самұрық-Қазына» қорының тізіліміне және Отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген компаниялардан ғана сатып алынатыны бекітілген. Талқылау барысында «Атамекен» ҰКП құжаттың жаңа редакциясына отандық өнімді сатып алу үшін 70% мөлшерінде KPI көрсеткішін енгізу ұсынды. Алайда бұл ұсыныс Үкімет тарапынан қолдау таппады.
SK Construction отандық тауар өндірушілерді қолдауға міндеттелді. Елімізде баламасы бола тұра, шетелдік жиһаз сатып алынған жағдайда ұлттық жоба операторына орындалмаған міндеттемелер сомасының 15% мөлшерінде айыппұл салынады.
«Біз жайлы мектептерді жабдықтауға қазақстандық өндірушілерді тарту идеясына берікпіз, өйткені отандық өндірісті дамытудың маңыздылығын түсінеміз және өзіміздің кәсіпкерлерге ұлттық жобаға қатысу үшін барлық қажетті жағдайларды жасаймсыз. Қазақстандық компаниялармен етене жұмыс істейтін боламыз», - деп атап өтті SK Construction компаниясының өкілі.
Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында еліміздің 20 өңірінде арнайы жиһаз комиссиялары құрылды. Олар қажеттілікті зерделеп, өндірістік әлеуетті бағалап, жайлы мектептер үшін сапалы жиһаз жасай алатын отандық кәсіпорындарды анықтады. Комиссиялардың құрамына SK Construction өңірлердегі өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің өкілдері, мәслихат депутаттары, прокуратура, санэпидбақылау департаменті, ТЖД, білім басқармасы және «Атамекен» ҰКП өкілдері кірді.
Әрбір өңірде комиссия барлық стандарттарға сай келетін қазақстандық кәсіпорындардың тізімін жасады. Бұл тізімге кірген өндірушілер жоғары сапалы жиһазды қажетті мөлшерде және бекітілген мерзімде жасай алады.
Жиһаз комиссиялары жұмысының қорытындысы бойынша 20 өңірде қажеттілікті қамтамасыз ете алатын 134 отандық жиһаз өндірушісі анықталды.
Шарттық міндеттемелерге сәйкес, әр мердігер болашақ жайлы мектептің жобасы мемлекеттік сараптамадан сәтті өткеннен кейін бір ай ішінде жиһаз өндіруші кәсіпорынмен шарт жасасуы тиіс. Алғашқы 207 мектеп келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Ақпарат үшін
Жиһаз комиссиялары анықтаған өңірлік кәсіпорындардың саны:
Жайлы мектептер үшін қажетті жиһаз түрлері және оларды өндірумен айналысатын қазақстандық компаниялардың саны:
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
80
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
88
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы