Главная Новости SK VOLUNTEERS: қамқорлық, үлес, тәжірибе
30 қаңтар 2020, 13:44 2631

SK VOLUNTEERS: қамқорлық, үлес, тәжірибе

SK VOLUNTEERS: қамқорлық, үлес, тәжірибе

Осы күндері Алматы облысында орналасқан "Арман дала" сауықтыру орталығында "Самұрық-Қазына" АҚ қоржындық компанияларының жастары жиналып, еліміздегі Еріктілер жылы аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарын талқылады. Корпоративтік еріктілік бойынша лагердегі үшкүндік оқыту бағдарламасы Қордың "Волонтер жылы" жоспарының "Asyl Mura", "Qamqor-Umit" және "Taza Qazaqstan" бағыттары бойынша әзірленді.

Сондай-ақ, еңбекші жастар корпоративтік еріктілік пен мәдениетті дамытуға бағытталған дәрістер алып, өз компанияларының үздік өнегесін ортаға салды.

Шараға "Қазақстан темір жолы", "КЕGОС", "Қазатомөнеркәсіп", "Қазпошта", "Қазмұнайгаз", "Қазтрансойл", "Қазтрансгаз", "Қазақтелеком", "Самұрық-Энерго", "Біріккен химиялық компания", "Эйр Астана", Samruk-Kazyna Trust", "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті" сынды тараптардың өкілдері қатысты. 

Ашылу салтанатында сөйлеген Әлеуметтік ықпалдастық және коммуникациялар орталығының бас директоры Елдос Өмірзақ қатысушыларға сәттілік тілеп, корпоративтік еріктіліктің маңыздылығына тоқталды. 

"Орталығымыз Еріктілер жылының "Самұрық-Қазына" қоры компаниялары тобы бойынша ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі екенін айтқым келеді. Сіздермен бірлесе отырып қана, біз, корпоративтік еріктілікті дамыта аламыз. Қазақ халқының тарихы мен дәстүрінде еріктілік ұғымы бұрыннан бар. Ол – асар жасау. Сондықтан еріктілік барлығымыз үшін таңсық емес деп білемін", - деді ол.

Алғашқы оқу күні "Корпоративтік еріктілік бойынша халықаралық тәжірибе" семинарынан басталды. Ресейден келген оқытушы, доцент, экономика ғылымдарының кандидаты, корпоративтік жауапкершілік және мәдениет бойынша бірқатар еңбектің авторы Ольга Колбасенко қатысушыларға АҚШ, Германия және басқа да елдерде еріктіліктің даму қарқыны туралы дәріс өткізді. Дәріскердің мәліметі бойынша АҚШ-та ірі компаниялардың 65%-ы корпоративтік еріктілікті енгізіп үлгерген. Олар еріктілікті корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

Сондай-ақ, қатысушылар, корпоративтік еріктілік қағидалары мен амал-тәсілдері бойынша да қосымша дәрістер алды.

Түстен кейін тәжірибелік командалық ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға өздерін нағыз ерікті ретінде сезінуге мүмкіндік туды. Кешкі астан соң күні бойы алған білімнің нәтижесінде жастар Еріктілер жылына арналған Қор жоспарының бағыттарын жаңаша көзқараспен талқылап, артықшылықтары мен кемшіліктерін саралады.

Лагерьде жастарға тек оқыту бағдарламасы ғана емес, сауықтыру процедуралары да қамтамасыз етілді. Семинарға қатысқан қоржындық компаниялардың мамандары түйгенімен әрі қарай әріптестерімен бөліспек.

Альбина ӘТЕН

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: