Главная Новости SKC басшысы халықпен онлайн диалог жасады
28 сәуір 2022, 09:30 1008

SKC басшысы халықпен онлайн диалог жасады

SKC басшысы халықпен онлайн диалог жасады

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов тұлғасында өзінің Instagram жеке парақшасында бірінші тікелей эфир өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ халықпен тікелей және ашық диалог құруды және азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына тиімді жауап қайтаруды көздейді.

Тікелей қосылу барысында бір жарым сағат ішінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасына 33 сұрақ келіп түсті. Мәулен Айманбетов келіп түскен өтініштерге қажетті кеңестер мен толық жауаптар берді.

Негізінен көрермендерді әлеуметтік сипаттағы мәселелер қызықтырды. Осылайша, кейіннен сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптары, атап айтқанда, жалдау төлемдерінің мөлшері, мүлікке салық ставкалары және сақтандыру қажеттілігі бойынша мәселелер көтерілді. Жалға алушылар «Жай серіктестік» және «Мүлік иелерінің бірлестіктері» көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жаңа тұрғын үй объектілерін салу жоспарлары бойынша, құрылыс материалдарын өндіру бойынша зауыттар құру жобалары туралы және басқа сұрақтар қойды.

Тікелей эфир соңында көрермендер компанияның басқармасының төрағасы Мәулен Айманбетовке көтерілген мәселелердің толық жауаптары мен шешімдері үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Осындай форматтағы кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады. Тікелей және ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында әр апта сайын кезектесіп компанияның бірінші басшысы немесе экономика, қаржы және құрылыс жөніндегі орынбасарларының қатысуымен тікелей эфир жүзеге асырылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: