Главная Новости SKCN басшысы «Жайлы мектеп» жобасына қатысты пікір білдірді
19 сәуір 2024, 10:25 438

SKCN басшысы «Жайлы мектеп» жобасына қатысты пікір білдірді

SKCN басшысы «Жайлы мектеп» жобасына қатысты пікір білдірді

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша барлық мердігерлер ашық, әрі әділ конкурс арқылы анықталады.

«Алаяқтар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының айналасында да пайда болды. Олар өздерін Samruk-Kazyna Construction қызметкері ретінде таныстырып, құрылыс компанияларына делдалдық қызметтерді ұсынуда. Ақашалай сыйақы берсең, ұлттық жобаның екінші кезеңіндегі мектептердің құрылысын конкурсты жеңіп алып, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен тікелей шарт жасасуға болады деп алдайды. Қазірдің өзінде бірқатар компанияларға осындай ұсыныстардың келіп түскені белгілі болды. Мұндай алаяқтарға сенбеңіздер! «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы ретінде мен бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарамын!

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша барлық мердігерлер ашық, әрі әділ конкурс арқылы анықталады. Байқау электронды веб-порталда жүргізіледі, оған кез-келген талаптарға сәйкес құрылыс компаниялары еркін қатыса алады. Мысалы, 181 мектеп бойынша жарияланған алғашқы конкурс нәтижесіне құрылыс компанияларынан 273 шағым келіп түсті, алайда олардың тек 3% расталды. Оның себебі - конкурсқа қатысушылар тиісті құжаттаманы толық көлемде тапсырмаған. Екінші кезең бойынша конкурс туралы қосымша хабарлаймыз. Осы орайда, біздің ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланған тексерілген ақпаратқа ғана сенуге шақырамын!

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ешкімге белгісіз ақпарат көздері провокациялық бейнероликтер мен басқа да материалдарды таратуда. Олардың ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Бұл компания мен оның басшылығының беделіне нұқсан келтіру үшін жүргізіліп жатқан ақпараттық шабуыл деп білеміз. Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мұндай видеороликтерді таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өткім келеді.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ диалогқа ашық. Біз «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде барлық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз. Сондай-ақ, жұмысымыздың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін цифрландыру мен жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін барынша пайдаланып жатырмыз. Айтап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы алғаш рет ЕРС-шарттардың негізінде жүзеге асырылуда. Бұл үлкен жобаларды қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік беретін шетелде кеңінен таралған тәжірибе. Өйткені, ЕРС-шарт шеңберінде жобалау, құрылыс және жабдықтау жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп, құрылыс мерзімі  біршама қысқарады. Сондықтан да, жоба «пилоттық» деген мәртебеге ие. Біз жаңа әдістемені сынап жатырмыз. Болашақта бұл тәжірибені ел ауқымында ендіру үшін тиісті заңдарға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаймыз.

Мектептердің құрылысына қатысты құжаттаманың бәрін біздің «BITRIX» электронды платформасымен біріктірілген «E-Qurylys» ақпараттық жүйесіне көшіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Платформаға «1С-бухгалтерия» жүйесін де кіріктіреміз. Яғни, құжаттама толық болмаса, төлем жасау мүмкіндігі болмайды.

Сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы беретін «СТ-KZ» және индустриалдық сертификаттардың электрондық тізілімі де жүйемен интеграцияланады. Бұл материалдар мен тауарлардың тиісті сертифкаттары бар қазақстандық өндірушілерден сатып алынуын қамтамасыз етпек. Отандық құрылыс саласында алғашқы болып осы жүйеге көшіп жатқандықтан, көптеген мәселелер мен қиындықтарға тап болдық. Алайда, «көз қорқақ, қол батыр», «көш жүре түзеледі» деп халқымыз бекер айтпаған.

Жаңа жүйеге көшудің оң тұстары көп: барлық атқарушылық және қаржылық құжаттар мен есептер осы платформаға жүктеліп, процестердің бәрі автоматтандырылады, адами фактор алынып тасталады, ал қадағалаушы органдар кез-келген уақытта жүйеге кіріп, керекті құжаттарды тексере алады.

Бұл, ең бастысы, жемқорлық пен ауыз байласуды болдырмайды. Біздің басты мақсатымыз  болашақ ұрпақ игілігіне сапалы салынған, барлық жағдай жасалған заманауи мектептерді қолданысқа тапсыру. Сондай-ақ, осы пилоттық ұлттық жоба арқылы құрылыс саласының дамуына серпін беруді көздейміз.

 Саладағы жобалар, бастамалар мен бағдарламалар халықтың қамы мен игілігі үшін жасалуы керек. Кез келген тұрғын үй, мектеп, балабақша, емхананың түпкі тұтынушысы  халық. Қазақстандықтар балаларын заманауи мектептерде оқытуға лайықты. Сондықтан, Samruk-Kazyna Construction қоғамы ел тұрғындарын сапалы білім беру инфрақұрылымымен қамту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Бүгінде 98 жайлы мектепті 1 қыркүйекке дейін қолданысқа тапсыруды межеледік.  Жыл соңына дейін 208 мектеп тапсырылады. Бұл ел бойынша 43 үш ауысымды және 6 апатты мектепті жоюға мүмкіндік береді. Біздің тәжірибелі мамандарымыз адал еңбек, қатаң тәртіп пен талаптарды басшылыққа ала отырып, күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Алайда, жеке пайдасын көздеген кей тұлғалардың жат қылықтары ұлттық жобаның сәтті жүзеге асуына кедергі келтіруде. Сол себепті, сіздерді жалған ақпараттың жетегінде кетпеуге шақырамын! Егер Сізге үшінші тұлғалардан күмәнді ұсыныстар түссе немесе өтірік ақпарат тарату фактілеріне тап болсаңыз, бұл туралы дереу «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының қауіпсіздік департаментіне хабарлауды сұраймын. Менің Instagram желісіндегі парақшам және жеке блогыма да тікелей жаза аласыздар.

Сақ болыңыздар және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: