Главная Новости Smart city жобасы – Жаңаөзенде
09 сәуір 2021, 08:54 1697

Smart city жобасы – Жаңаөзенде

Smart city жобасы – Жаңаөзенде

«Қазақтелеком» Маңғыстау облысының әкіміне, «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасына, «Самұрық-Қазына» қоры және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдеріне Жаңаөзен қаласындағы Smart city жобасының мүмкіншіліктерін онлайн таныстырды.

Компания қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ТКШ, білім беру, көлік секілді қала өмірінің бүкіл саласын қамтитын жоба әзірлеген. Осы аталған жүйелерді Жаңаөзенге де, сол негізде бүкіл республикаға енгізуге болады.

«Біз Жаңаөзенде шынайы демо-элементтерді енгіздік. Мәселен, Covid-19 таралу қаупін алдын ала болжап, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп оқушыларына арналған білік трафигін жергілікті ету мүмкіндіктерін көрсеттік. Кәріз құдығының қақпағына, көше жарығы мен ақылды үйге орнатылған сезгектерден, есептеуіштерден дерек жинау және оны басқарудың оңай екенін көрсеттік», – деді «Қазақтелеком» инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

Жаңаөзен әкімі мен «Өзенмұнайгаз» басшылығы Ақкөл қаласына да барды. Онда «Қазақтелеком» Smart Aqkol жобасын іске асырарда қолданған жүйелермен танысты.

«Біздің «Өзенмұнайгаз» еншілес кәсіпорнымыз – Жаңаөзен қаласының тірегі. Smart City элементтерін енгізу оның жұмысына да оң ықпалын тигізуі керек. Сондықтан да біз осы жобаны іске асыруға мүдделі болып отырмыз», – дейді «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«Өте жақсы шешімдер, бастысы, олар Smart Aqkol жобасында жақсы сынақтан өткен. Сондықтан, біз Жаңаөзенде де осындай жобаны іске асыруға мүдделіміз, «Қазақтелекомның» бастамасын түгел қолдаймыз», – деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: