Главная Новости Солтүстік Қатпардағы вольфрам жобасының тәжірибелік кезеңі басталды
31 августа 2026, 19:40 51

Солтүстік Қатпардағы вольфрам жобасының тәжірибелік кезеңі басталды

Солтүстік Қатпардағы вольфрам жобасының тәжірибелік кезеңі басталды

Жобаны «Тау-Кен Самұрық» АҚ және Cove Kaz Capital Group бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында Қазақстанда толық кен өндіру мен байытудан бастап, металлургиялық өңдеуге және қосылған құны жоғары вольфрам өнімдерін шығаруға дейінгі өндірістік тізбекті құру көзделген.

Кен орнында алаңды дайындау жұмыстары белсенді жүріп жатыр: геодезиялық жұмыстар орындалып, кірме жолдар мен бұрғылау алаңдары жабдықталуда, дала инфрақұрылымы қалыптастырылып жатыр. Сонымен қатар, жобаның соңғы (банктік) техникалық-экономикалық негіздемесі – DFS әзірленуде.

Екі вольфрам кен орны - Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақтыны игеруге салынатын жиынтық инвестиция көлемі шамамен 1,1 млрд доллардан асады деп бағаланып отыр. Ауқымды жоба тек шикізат өндіруді ғана емес, оны ел ішінде терең өңдеуді, жаңа жұмыс орындарын құруды, қазақстандық мамандардың құзыреттерін арттыруды көздейді және отандық өнеркәсіпті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: