Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасында жүлдегер атанған жұмысшыларды қабылдады.
Бас директор Марат Елеусінов ҚМГ компаниялар тобы арасында өткен тартысты бәсекеде компания намысын абыроймен қорғап, қоржынға медаль салған қызметкерлерге алғыс білдірді.
«Дәстүрлі сайысқа әр мекеме ең үздік қызметкерлерін қосады. Сондықтан жарыс бәсекелестікке толы болатыны белгілі. Көп арасынан суырылып шығып, жүлдегер атанғандарыңызға көп рақмет. Қаражанбас абыройын арттыру бәріміздің ортақ міндетіміз. Келер жылы медаль саны артып, бұдан да жақсы нәтиже көрсететіндеріңізге сенемін», - деді Бас директор Марат Елеусінов.
10-14 тамыз аралығында Павлодарда өткен бәсекеде мұнайшылар 11 спорт түрі бойынша сайысқа түскен еді. Қорытындыға сәйкес ҚБМ жұмысшылары арқан тарту, баскетбол, тоғызқұмалақ және қол күрес бойынша барлығы 4 жүлдеге ие болды.