Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Астанада орналасқан «Штадлер Қазақстан» ЖШС зауытында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға арналған жолаушылар вагондарының жүйелі өндірісі іске қосылды.
2030 жылға дейін жүзеге асатын жоба шеңберінде 557 бірлік техника жасау жоспарланған. Олардың қатарында купе, плацкарт, ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға арналған арнайы вагондар және генераторлы вагондарды шығару қарастырылған.
Ұлттық тасымалдаушы басшылығы өндіріс орнында болып, зауыттың жұмыс үдерісімен толық танысты.Олар дайын вагон корпустарын көріп, барлық цехтардың жұмысын бақылады. Қазіргі таңда 400-ден астам қызметкер жұмыс істейтін зауытта толық технологиялық цикл жолға қойылған. Атап айтқанда:
• Вагон корпустарын дәнекерлеу және бояу
• Электрлік компоненттерді құрастыру
• Тележкаларды жасау және орнату
• Вагонның ішкі жабдықтарын орнату
• Қызметке шығар алдында статикалық және динамикалық сынақтар жүргізу
Соңғы екі жылда кәсіпорын ауқымды жаңартудан өтіп, заманауи өндіріс технологиялары енгізілді, сондай-ақ, жергілікті мамандар даярланып, өндірістің деңгейі айтарлықтай артты.

Stadler шығарған купелік вагондар 40 жолаушыға арналған жайлы жатын орындармен қамтамасыз етіледі. Олар заманауи климаттық бақылау жүйесімен, бейнебақылаумен, электрлік жылыту құрылғыларымен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады. Жолаушылардың жайлылығы үшін әрбір купеде электр розеткалары мен ұялы телефондарды жол бойы қуаттауға арналған USB-порттар орнатылады.
Жаңа пойыздардың ерекшеліктерінің бірі — сыртқы келбетінің мемлекеттік тудың көк, сары және ақ түстерінде жасалуы. Бұл шешім Қазақстанның ұлттық болмысын және рәміздік мәнін айшықтай түседі. Жаңа вагондар Қазақстанның климаттық ерекшеліктері мен елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды ескере отырып арнайы әзірленеді.
Келісімшартқа сәйкес, биылдың өзінде алғашқы 51 вагон «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға беріледі. Бұған қоса, зауыт осы вагондарға 20 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді міндетіне алып, олардың тұрақты жұмысын және ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы