Главная Новости Станцияны гүлдеткен арулар
02 ақпан 2023, 08:30 645

Станцияны гүлдеткен арулар

Станцияны гүлдеткен арулар

Гүлдерді мұнайқұбыршылар өз жан қалауы бойынша өсіруде. Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасында көздің жауын алатын, әртүрлі бөлме гүлдерін көруге болады.

«Мұнай тасымалы саласында еңбек етіп жүргеніме биыл он жеті жыл. Станцияда өз қолыммен өсірген 130-дай гүлім бар. Тек қана бөлме гүлдері емес, сонымен қатар дала гүлдерін де өсіремін. Былтыр тұқым сатып алып, станцияда ектім. Далада қыс болса да бізде әрдайым жаз, таза ауа және әсемдік», – дейді Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасына қарасты №10 мұнай айдау станциясының ғимараттардың тазалығына жауапты маманы Надежда Проценко.

«Вахталық әдіс бойынша жұмыс істегендіктен, айналамыздың үнемі жасыл, таза болуы, гүлдердің хош иіс шашып тұрғаны өзімізге де жақсы ғой», – дейді Сәбира Байзақова әріптесі.

Олар келешекте бөлме гүлдерінің түрлерін көбейтуді мақсат етуде.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: