Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шахмардан Есенов атындағы «Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің» «Мұнай және газ ісі» факультетінің студенттері Жетібай кен орнына экскурсия жасады.
Болашақ мұнайшылар кенорнымен танысуды ең алдымен Жетібай кенорнындағы оқу-жаттығу полигонынан бастады. Онда «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының білікті мамандары студенттерге мұнай өндіру мен өңдеудің барлық кезеңдері туралы жіті түсіндіріп, заманауи технологиялардың мұнай өндірудегі мүмкіндіктерін көрсетті.

Полигонда қара алтын өндірісінің қыр-сырына әбден қаныққан студенттер тәжірибе алаңындағы әсерінен айығып үлгермей, «Еңбек даңқы» мұражайына бас сұқты. Жастар Жетібай кенорнының қалыптасуының барлық кезеңдері туралы баяндайтын бірегей экспонаттарды, құжаттар мен мұрағаттық фотосуреттерді көріп, Маңғыстау мұнайының ашылу тарихымен танысты. Мұнай өндірісінің ауыртпалығын еңсере білген азаматтардың жүріп өткен жолына куә болды.

Тағылымды сапардың соңы «Жетібаймұнайгаз» ӨБ геологиялық қызметінің жұмысымен жіті танысумен аяқталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы