Главная Новости Студенттер, ЖИ және ҚТЖ: хакатон алаңында локомотивтің цифрлық ұқсастық нұсқасы таныстырылды
13 апреля 2026, 15:09 42

Студенттер, ЖИ және ҚТЖ: хакатон алаңында локомотивтің цифрлық ұқсастық нұсқасы таныстырылды

Студенттер, ЖИ және ҚТЖ: хакатон алаңында локомотивтің цифрлық ұқсастық нұсқасы таныстырылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ NU және Higgsfield-пен (отандық AI стартапы) бірлесіп, цифрлық шешімдерді іздеуге бағытталған хакатон өткізді. ҚТЖ қатысушыларға «Қиындықсыз телеметрия: Локомотив телеметриясын визуализациялау» SWE-кейсін ұсынды.

Тәулік ішінде еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының 56 командасы нақты уақыт режимінде локомотивтің жай-күйін мониторингілеуге және ықтимал ақауларды ерте анықтауға арналған прототиптері мен қолданбалы шешімдерін әзірледі.

Нәтижесінде ҚТЖ одан әрі пысықтау және енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін бірқатар перспективалы прототиптерге ие болды. Іс-шара форматы қысқа мерзімде ондаған технологиялық гипотезаларды сынақтан өткізуге және ең тиімді тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді.

Хакатон қорытындысы бойынша:

  •  1 орынды NU-ның  «Хакнушники»;
  •  2 орынды NaN;
  •  3 орынды ForCode студенттер командасы иеленді.  

Бұл форматтағы хакатондар жасанды интеллект шешімдерін енгізуге ғана емес, сонымен қатар дайындығы бар IT-мамандардың кадрлық резервін қалыптастырады. Компания отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жалғастыруға және көлік саласына жаңа идеялар мен технологияларды тарту құралы ретінде осындай форматтарды дамытуға ниетті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: