Главная Новости Су басқан аймаққа Түркістан өңіріндегі теміржолшылар да атсалысуда
16 сәуір 2024, 10:35 276

Су басқан аймаққа Түркістан өңіріндегі теміржолшылар да атсалысуда

Су басқан аймаққа Түркістан өңіріндегі теміржолшылар да атсалысуда

Мемлекет басшысының су басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында техника мен жұмыс күшін жіберу жөнінде тапсырмасының орындалуына Түркістан өңіріндегі теміржолшылар да атсалысуда.

Облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің үйлестіруімен өңірдегі мекеме, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер қауымы қолдау білдіріп 250-ге жуық техника жиналды. Ал техникалар Түркістан мен Манкент, Бадам, Арыс және Дарбаза станцияларындағы тұйық жолдарда платформаларға тиелді.

Жалпы Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бастығының орынбасары Абзал Салықбаевтың тікелей бас-көз болуымен соңғы 3 тәулік ішінде 243 вагонға түрлі техникалар тиелді.   Атап айтқанда, Түркістан станцясында 21 вагонға 31 техника, Арыс станциясында 19 вагонға 20 техника тиелген. Тіпті, шағын ғана Дарбаза станциясының өзінен 8 платформаға 11 техника жүктелсе, Манкент станциясынан 37 платформаға 39 техника тиелген.  

Айта кетейік, арнайы техникалар мен жүк тиейтін немесе тасымалдайтын, жер қазатын көліктер және өзге де техникалар су шайған аумақтарды тазалауға және бөгеттер салуға қолданылады деп жоспарланған.

Нұрлыбек Досыбай

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: