Главная Новости Су тасқынымен күрес: Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібермек
04 сәуір 2024, 15:27 525

Су тасқынымен күрес: Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібермек

Су тасқынымен күрес: Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібермек

Көрші ел Қазақстанға өзінің отандық өнімдерін бермек.

Қырғызстан президентінің тапсырмасы бойынша ресми Бішкек Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында министрлер кабинетінің төрағасы Акылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлады 24.kg.

Оның айтуынша, Қазақстан Бішкек қаласындағы жылу-электр орталығында болған апаттан кейін көмек қолын созған.

«Олар (Қазақстан – автор) көмек сұрамаса да, біз гуманитарлық көмек жөнелтеміз. Бұл ретте мен Өзбекстан, Түркіменстан және Қазақстанға алғыс білдіремін. Бұл елдер біз көмек сұрамаған кезде де бізге қол ұшын созып, жәрдемге келді», – деп атап өтті Акылбек Жапаров.

Оның сөзінше, қазір Қырғызстан президентінің тапсырмасына сәйкес, көмек керуені дайындалып жатыр. Оған жауапты орган – елдің Төтенше жағдайлар министрлігі. Қазақстанға тек Қырғызстанда өндірілген отандық өнімдер жіберілмек.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: