Главная Новости Су тасқынынан зардап шеккен теміржолшылар отбасы назардан тыс қалмайды
19 сәуір 2024, 17:30 657

Су тасқынынан зардап шеккен теміржолшылар отбасы назардан тыс қалмайды

Су тасқынынан зардап шеккен теміржолшылар отбасы назардан тыс қалмайды

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер арасында теміржолшылар отбасы аз емес. Оларға мемлекеттік бюджет тарапынан бір жолғы көмектен бөлек кәсіподақ тарапынан да қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр.

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ төрайымы Айша Қалағанованың айтуынша, ешкім де назардан тыс қалмайды. Филиал басшыларының бастамасымен қиын жағдайда қалған теміржолшылардың отбасына жан-жақты көмек берілуде. Үйі суға кеткен теміржолшылардың үйінде арнайы техникамен су сору жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тасқыннан кейін қиын жағдайда қалған Никельтау жол дистанциясында жол монтері қызметкеріне 300 мың теңге жинап берілді.  

«Бүгін ЭЧ-3 – Шалқар электрмен жабдықтау мекемесінің басшылығының қолдауымен тасқын судан зардап шеккен жұмысшыларға көмек көрсетілді. Ақтөбе өрт сөндіру пойызының қызметкері Әбдіғазиев Жаңбырбайға және Никельтау жол дистанциясының жұмысшысы Болатбекке әрқайсысына 150 мың теңгеден көмек берілді», – деді Айша Қалағанова.  

Сонымен қатар, Шалқар қайта қалпына келтіру пойызының қызметкерлерінен үйін су алған отбасыларға қаржылай көмек көрсетілген. Кәсіподақ төрайымы көмек көрсетіп жатқан мекемелер өздері байланысқа шығып, ұсыныс жасап жатқанын жеткізді.  

Айта кетейік, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Серғали Жайлаубай 5 сәуірден бастап Орал қаласында теміржолдың қауіпсіздігін қамамасыз етуде. Ақтөбедегі өрт сөндіру пойызы да Орал станциясының басына қойылған. Орал станциясының басшысы гуманитарлық көмек таратуды ұйымдастыруда.  

Қазіргі уақытта кәсіподақ ұйымдарымен су тасқынынан зардап шеккен теміржолшылардың тізімі жасалып, көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.

Ардақ Ерубаева

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: