Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңес төрағасының орынбасарына «Самұрық-Қазынаны» реформалау жоспары ұсынылды.
ҚР Президентінің кеңесшісі, реформалар жөніндегі Жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартиге «Самұрық-Қазынаны» реформалау жоспары ұсынылды. Реформалар жөніндегі жоғары кеңес Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің тұрақты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында құрылған болатын. Қордың халық шаруашылығы үшін түбегейлі маңыздылығы ескеріле отырып, оны реформалауды Жоғарғы кеңес бекітеді.
Қорды реформалау бағдарламасы стратегиялық және операциялық жоспарларды қамтыйды. Мәселен, сатып алу процесі ашық болып, нарыққа қатысушылардың мұнай, газ, көмір, электр энергиясын өңдеу мен өткізудегі кедергілері жойылады. Басқару қызметкерлерін екі есеге қысқарту жоспарлануда.
Қордың «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» АҚ сияқты компаниялары IPO-ға шығарылады. Соның нәтижесінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 500 млрд теңге аудара алады.
Бағдарлама бойынша 8 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция тартып, жалпы құны 4 триллион теңгені құрайтын 24 жаңа өндірісті іске қосу арқылы, 5300 жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр.
Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабарти реформалар бағдарламасын мақұлдап, 3 наурызда өтетін «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында оны қолдайтынына атап өтті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!