Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сұйытылған газ бағасының күрт өсуін шектейтін іс-шаралар қабылданады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды SKnews ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жедел іс-шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Энергетика министрлігі 2 бұйрық бекітті. Біріншісі – 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру жөніндегі бұйрық. Оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізетін болады. Екіншісі – сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасын төмендету жөніндегі бұйрық. Оған сәйкес газдың бір тоннасы 28 мың теңгеге дейін белгіленеді», – деді министр.
Сонымен қатар ол бүгінгі күні электрондық сауда алаңдарынан тыс ішкі нарыққа сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу бойынша бұйрық әзірленгенін айтты. Бұл түзетулер республика аумағында көтерме және бөлшек саудада өткізу құқығы бар субъектілердің тізбесін кеңейту арқылы елдің ішкі нарығын сұйытылған газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Қысқа мерзімді іс-шаралар ретінде осы жылғы қаңтар айының соңына дейін Үкіметке сұйытылған мұнай газы бағасының күрт өсуін шектейтін ашықтық қағидаттары мен тетіктерді енгізуді ескере отырып, электрондық сауда алаңы/тауар биржалары арқылы сұйытылған газ сауда-саттығын одан әрі жетілдіру жөнінде кешенді іс-шаралар енгізілетін болады. Үкіметпен келісілгеннен кейін бұл іс-шаралар нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу түрінде ресімделеді», – деді Болат Ақшолақов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
34
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
182
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде