Главная Новости «Табысты отбасы» жобасының алғашқы түлектері грант иеленді
30 қаңтар 2023, 15:00 1275

«Табысты отбасы» жобасының алғашқы түлектері грант иеленді

«Табысты отбасы» жобасының алғашқы түлектері грант иеленді

Сарыағаш қаласындағы «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының алғашқы түлектері өз ісін ашуға грант алды, деп хабарлады Samrukkazynaofficial.

Бүгін Сарыағаш қаласында «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының түлектеріне жабдықтар жиынтығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ел өңірлерін дамытуға бағытталған жобаларды әрдайым қолдайды.

Түркістан облысынан жобаның 27 қатысушысы өз ісін ашуға жабдықтар түріндегі гранттар алды - олар ноутбуктер, пештер, миксерлер, кушеткалар және мультимарок сканері және тағы басқалары.

Жоба шеңберінде қатысушылар «ЅММ», «Кондитерлік іс», «Сұлулық индустриясы» мамандықтарын игерді.

Жоба мақсаты – сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және шағын гранттық қолдау көрсету арқылы адамдардың әл-ауқатын арттыру. Осыған дейін құрал-жабық түріндегі грантты Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының түлектері иеленді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: