Главная Новости «Табысты отбасы» жобасының түлектері марапатталды
21 ақпан 2023, 09:20 823

«Табысты отбасы» жобасының түлектері марапатталды

«Табысты отбасы» жобасының түлектері марапатталды

«Самұрық-Қазына» АҚ, Қазатомөнеркәсіп және «Samruk-Kazyna Trust» басшылығы Түркістан облысындағы «Табысты отбасы» жобасының түлектерін марапаттады.

Бұл жоба ауыл тұрғындары арасында шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ол өз ісін жүргізу мәселелері бойынша кейіннен тәлімгердің қолдаумен қызметтің сұранысқа ие бағыттары бойынша оқу мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, жобаға қатысушылар өз бизнесін дамыту үшін қажетті тиісті жабдықты (құны 150 АЕК) тегін алады.

Жобаға қатысқан жалпы 43 түлекке оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат тапсырылды. Бұл әлеуметтік жобаға қатысушылардың екінші шығарылымы. Бірінші лекте Түркістан облысынан 27 адам оқып, грант алған болатын, олардың 12-сі қазір жұмыс істеп, алған білімдерін іске асыруда.

Жоба құрамына Қазатомөнеркәсіп те кіретін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асырылды.

«Бұл жоба отбасының әл-ауқаты мен материалдық мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады деп санаймын. Отбасындағы әйелдің рөлі маңызды, өйткені оның үлгісі өскелең ұрпақты тәрбиелеуге әсер етеді», – деді Қазатомөнеркәсіптің HR және әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Қожахметова.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: