Главная Новости «Табысты сатылымның 5 қағидасын ұстанамын». Маман жетістігінің құпиясы
25 ақпан 2021, 09:24 1373

«Табысты сатылымның 5 қағидасын ұстанамын». Маман жетістігінің құпиясы

«Табысты сатылымның 5 қағидасын ұстанамын». Маман жетістігінің құпиясы

Жауапты шешім қабылдауға әзір тұру — «Қазақтелеком» АҚ Белсенді сатылымдар орталығының басшысы Нұрболат Тоқсанбаевтың дара қасиеті. Университетті бітіре сала «Қазақтелекомға» келген Нұрболат қысқа уақытта абоненттермен жұмыс істеу жөніндегі қатардағы техниктен Белсенді сатылымдар орталығының басшысы лауазымына дейін көтерілді.

2011 жылы Нұрболат Қазақ қаржы-экономикалық академиясын бітіріп, астанаға аттанған болатын. «Қазақтелекомға», абоненттерді мыс кәбілден оптикалық талшықты технологияға көшіру бөліміне жұмысқа орналасты. Оның белсенділігі, тиянақтылығы және сатылым бойынша жақсы көрсеткіштері басшылықтан назарын аударды: көп кешікпей бөлім басшысы болды. Артынша Телекоммуникация қызметтерін сату орталығына көтерілді. Бүгінде Нұрболат 65 қызметкері бар Белсенді сатылымдар орталығын басқарып отыр.

«Клиентке келіп, өнім жайлы жаттанды сөздерді айтып кете салу — кәсіби маманға тән қасиет емес. Өз басым табысты сатылымның 5 қағидасын ұстанамын: алдымен клиентпен жылы амандасамын, оның қажеттіліктерін анықтап аламын, қызметті таныстырамын, клиенттің пікіріне құлақ асамын, мәміле жасасамын», — дейді Нұрболат.

Сатылымдағы табысты қызметі — кейіпкеріміздің түрлі тренингдерге қатысуының нәтижесі. «Қазақтелекомдағы» қызметі барысында Нұрболат түрлі мотивациялық байқауларға қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанған. Әзірше оның басты жетістіктері ретінде БСО басшылары арасындағы «Белсенді сатылым үздігі» және «Үздік сатушы» атағымен марапатталғанын айтуға болады.

Жұмыстан тыс кезде Нұрболат филиалдың спорттық өміріне атсалысады.

«Спорт — мінезді тәрбиелейді. Жұмыста да спорттағы сияқты жарысамын: кім жылдам болса, сол сатылымның үздігі», — дейді Нұрболат.

Нұрболат «Қазақтелеком» құрамасына 2017 жылы қосылды. Оның футбол командасы филиалдар мен мемлекеттік қызметшілердің арасындағы жарыстардың жеңімпазы да болды, квазимемлекеттік компаниялар қызметкерлерінің арасындағы «Qazaqstan qyzmet cup» турнирінің де жүлдегері атанды.

Нұрболаттың айтуынша, жұмысқа, жаттығуға, отбасына теңдей уақыт бөліп, апталық кестесінен ауытқымайды, сондықтан да бәріне үлгереді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: