Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өндіріске ерте араласып, еңбекпен есейген жандардың бірі, бүгінде «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнай айыру және өткізу цехының операторы Миллат Нәжімқызы. Қызметін абыроймен атқарып осы саланың ыстық-суығына төзіп жүрген тәжірибелі маман.
Еңбегімен еленген кейіпкеріміз «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының Мұнайды өткізу және айдау цехының сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 4-дәрежелі операторы болып жұмыс істейді. Жетібай кенорнының ой-щұңқырын білетіндігі сол, басшылық тапсырған жұмыстарды белсенді түрде атқарып, өндірістің өнімділігін аттыруға ширек ғасырға жуық өзіндік үлесін қосып жүр. Бала кезден өз ісіне ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарап тәжірибемен ұштастыра білген апамыз ұжымында абыройлы.
Кейіпкеріміз Қаратон ауылының тумасы. 1965 жылы отбасы Маңғыстауға қоныс аударғаннан бері әкесі Жетібай кенорнындағы Бұрғылау экспедициясында механик болып жұмыс істеген. Тағдырын өндіріспен өрген қызы да алғашқы еңбек жолын 1984 жылы сол уақыттағы «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінде операторлықтан бастаған. Өндіріс басына алғаш келген өрімдей қыз бағыт-бағдар көрсеткен аға буын өкілдеріне деген құрметін зор ықыласпен еске алады.
- Ол уақытта қазіргідей қарыштаған техниканың дәурені емес. Барлығын қолмен жасауға тура келді. Тіпті деңгей өлшегіш құралдың өзі тұзданып кетіп, жөндеуді көп қажет етуші еді. Қазір бәрі басқаша. Цехымыз үлкейген. Компьютерлік бақылау ұдайы жасалады. Жағдай көп өзгерді. Өндіріс ісі көп алға басты, - дейді еңбек адамы.
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнай айыру және өткізу цехында 100-ге жуық адам еңбек етеді. Цехтағы әрбір жұмысшының өзіне жүктелген міндеті зор. Өндіріс орнының барлық кәсіпшіліктерінен өндіріліп, жеткізілген мұнай өнімдерін үш бағытта қайта өңдеп айырып отырады.
- 2 сағат сайын май тұндырғышынан проба алып зертханада құрамын тексереміз. Жұмысыңды асқан қызығушылықпен, ыждағаттылықпен жасасаң бәрі де оңай болады, - дейді жұмыскер апамыз.
«Еңбегіне қарай — құрмет, жасына қарай — ізет», - демекші, мұнай саласында ұзақ жылдар бойы еселі еңбек етіп, ел экономикасының дамуына тамшыдай болса да серпін беріп жүрген апамыз еңбексүйгіштігі мен іске деген қарым-қабілетінің арқасында елеулі нәтижеге жеткен. Мамандығының қыр-сырын бірден меңгеріп, ұзақ жылғы еңбегінің жемісі ретінде Компания тарапынан бірнеше мәрте марапаттар алған.
Оператор апамыздың 40 жылдық еңбек жолында өнеге де, жастар ілетін бай тәжірибе де жетерлік.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
157
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете