Главная Новости Тәуелсіздік күніне орай баспаналы болды
14 желтоқсан 2021, 13:02 1948

Тәуелсіздік күніне орай баспаналы болды

Тәуелсіздік күніне орай баспаналы болды

Қазақтың қанында бар қайырымдылықты бойға сіңірген «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы ұжымының да қолдауымен құлсарылық бір отбасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында баспана бақытына бөленді.

Ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Ембімұнайгаз» АҚ-ның аталған өнірістік бөлімшесі ұйымдастырған салтанатты шара барысында «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы Ғибатолла Шанаев жалғызбасты ана, зейнеткер Тілектес Сарбалинаға 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

«Құлсары қаласында пәтер жалдап жүрген Тілектес Сарбалина басқармаға келіп, отбасындағы ауыр жағдай туралы айтып, көмек сұрады. Біз бұл кісінің жағдайын ескере отырып, ұжымға үндеу жолдаған болатынбыз. Бірауыздан қолдау білдіріп, қиналған жанға көмек қолын созу мақсатында өз еріктерімен қаражат жинаған жылыойлық мұнайшыларға ризашылығымды білдіремін. Ұжым кез келген қиындықта жұдырықтай жұмылып, топтаса түсетінін тағы бір аңғартты. Ізгілікті іс-шараларға қашанда дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдей білді. Қиын сәтте мейірім мен бірліктің асқақ үлгісін көрсеткен барша әріптестеріме алғысым шексіз. Қайырымдылық – ізгіліктің нұры. Бір-бірімізге қайырымды болайық! Мұндай қайырымдылық шараларының одан әрі жалғасын табатынына сенемін, – дейді «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы Ғибатолла Шанаев.

Баспананы табыстау шарасына басқарма басшылығы, басқарманың Ардагер кеңесінің төрағасы, ұжым қызметкерлері қатысып, пәтер иесіне ақжарма тілектерін арнады.

Пәтер иесі қиналған кезінде көмек қолын созған «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымына шексіз аналық алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: