Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Еліміз тәуелсіздік алған шақта өмірге келіп, Қаражанбастың қарыштап дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қыз-келіншектер жетерлік. Солардың бірі жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехінің материал жөніндегі технигі Жапырақ Хибадулла.
Он жылға жуық уақыт бұрын кен орнында еңбекке араласа бастаған кейіпкеріміз Отанымыз үшін тарихи маңызды мерекемен қатар өмірінің үшінші ондығына қадам басты. Жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехінің Жапырағы цехке қажетті барлық құрал-жабдықтың жылдық бюджетін дайындап, тапсырыс беріп, келген материалдарды қабылдап, таратуға жауапты. Оған қоса цехтің кіріс-шығыс құжаттарын дайындау мен сақтау жұмыстарын абыроймен атқарып жүр.
«Кен орнында ер-азаматтар көп жұмыс істейтіндіктен, мұндағы қызмет қыз балаға ауыр емес пе деп сұрайтындар жетерлік. Алайда жұмысыңды жақсы көрсең, кездескен кедергілерді оңай еңсеруге болады. Тәуелсіздік құрдастарының бойында күш-қуат көп. Қазақстан мен Қаражанбастың гүлденуіне тамшыдай үлес қосқанымның өзі мен үшін ұлы жетістік», - дейді Жапырақ.
Жапырақ ұжым алдындағы үлгілі жұмысы мен қалтқысыз қызметі үшін басшылық тарапынан бірнеше рет марапат алып, құрмет грамотасымен марапатталды. Оған тек жұмыста емес, отбасында да үлкен жауапкершілік артылған. Бір баланың анасы үйде ибалы келін, аяулы ана, сүйікті жар. Тәуелсіздік құрдасы рухани һәм кәсіби тұрғыда шыңдалып, биік белестерді бағындыратынына сенімді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы