Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ ел экономикасын өрге сүйреумен қатар, талай жанның жүрек жартысын табуға себепші болды. Күні кеше жас маман ретінде жұмысшылар қатарына қосылған бозбала мен бойжеткен көңіл жарастырып, шырайлы шаңырақ иесі атанғандар жетерлік. Бүгінде тағдыры Қаражанбаста тоғысқан 20-ға жуық отбасы бар. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, яғни ғашықтар күніне орай сіздерді бақытын үлгілі ұжымнан тапқан жұппен таныстырамыз.
Беркін Отарбаев осыдан 15 жыл бұрын кен орнындағы материалдық-техникалық жабдықтау базасына жүк қабылдаушы болып жұмысқа орналасты. Ұжымға енді қосылған жас маманның аталмыш базада құжаттармен жұмыс істейтін Динара есімді бойжеткенмен әңгімесі жарасып, достық қарым-қатынастың іргетасы қаланады.
«Беркіннің жұмысқа алғаш келген күні есімде. Басшылар жаңа қызметкермен таныстырған сәттен бастап, ол да ұжыммен бірден тіл табыса алды. Өз ісіне жауапты, ұқыпты, орнымен әзілдесе білетін салмақты жігіт көпшіліктің мақтауын алған маманға айналды. Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған ғой. Досымның жетістігі үшін шын қуанатынмын», – дейді Динара Джандаева.
Арада 2-3 жыл уақыт өтіп, достар жұмыс бабымен Ақтау қаласындағы орталық кеңсеге ауысты. Сол уақыттан бері арадағы достық махаббатқа ұласып, 2011 жылы Беркін мен Динара шаңырақ көтерді. Қызметте де, отбасында да сыйластықты ту етіп, адамгершілікті алдыңғы қатарға қойған жұп, 1 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана.
«Біз жұмыста әріптес, ал үйде ерлі-зайыптымыз. Бір компанияда қызмет ететіндіктен бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Жұмыс барысында жауапкершілікті талап ететін маман болсам, үйде отбасына қамқорлықпен қарайтын әкемін деп айта аламын. Келіншегіңмен бір салада, бір мекемеде жұмыс істеудің жағымды жақтары жетерлік», – деп сырымен бөлісті Беркін Отарбаев.
Қазір отағасы сатып алу бөлімінің басшысы қызметін атқарса, Динара Джандаева жоспарлау бөлімінің инженері болып жұмыс істейді. Биыл үйленгеніне 10 жыл толатын отбасы қос тағдырдың Қаражанбаста тоғысқанына дән риза.
«Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі ұсынды
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы