Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Балақай» оңалту орталығында қазан айында екі бірдей бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Осылай, биылғы көктемде ғана пайдалануға берілген орталықта тұсауы кесілген балалар саны жетіге жетті.
Абылай Рахметулла оңалту орталығына атоника-астатикалық түрдегі балалардың церебралды сал ауруы диагнозымен келген болатын. 2 айға жуық уақыт бойы білікті мамандар Жазира Бөрекешова мен Ақмарал Сабырова жүргізген емдеу-жаттығу шараларының арқасында оның беті бері қарап, аяғына тұрды.

Абылайдың тұсауын «ӨзенМұнайСервис» ЖШС директоры Қанағат Мыңтұрғанов кесті. Шара аясында «Балақай» оңалту орталығының директоры Фатима Кенганова, «Өзенмұнайгаз» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің басшысы Әділ Сүйебай және «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің директоры мен бір топ мамандары Абылайды алғашқы қадамымен құттықтап, жылы лебіз білдірді. Абылайдың әкесі Нұрлан Мұхаммед те «ӨзенМұнайСервисте» бұрғышы көмекшісі болып қызмет етеді. Ол отбасы атынан орталық мамандарына шексіз алғысын білдірді.
Әлихан Жамбыл да «Балақай» оңалту орталығына атоника-астатикалық түрдегі балалардың церебралды сал ауруы диагнозымен түскен. Орталық дәрігерлерінің тынымсыз көмегінің арқасында ол өз денесін ұстауды үйренсе, кейін келе еңбектеп, ақыр аяғына аяғымен жерді нық басып, жүруге дағдыланды. Невропатолог Фатима Кенганованың айтуынша, Әлиханның жағдайы жақсарса, «жаман» лиагнозы мүлде алынып тасталуы да мүмкін. Бұл сөзге қуанған бүлдіршіннің анасы Жанар Нұрлыбаева тәй-тәй басқан құлыншағын көріп, көзіне жас алды. Ол орталыққа қаржылай жәрдем ететін «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшыларына, барша демеуші қайырымды жандар мен орталық мамандарына шексіз алғысын білдірді.

Әлиханның тұсауын «Өзенмұнайгаз» АҚ №2 МГӨБ мекемесінің директоры Мереке Құлбеков кесті. Сондай-ақ, шараға №2 МГӨБ кәсіподақ ұйымының төрағасы Абзал Жаңаев пен әлеуметтік бөлімнің басшысы Мұрат Изенов қатысып, лебіз білдірді. Шара соңында №2 МГӨБ ұжымы атынан Әлиханға велосипед пен ойыншық машина табысталды.
Айта кетейік, «Өзенмұнайгаз» мекемесінің қызметкерлері қайырымдылық жасап ай сайынғы жалақысынан қаржы бөлуінің арқасында «Балақай» балаларды оңалту орталығы ашылған болатын. «Samruk-Kazynа Trust» дамыту қорының қолдауымен оңалту орталығы заманауи құралдармен жабдықталып, білікті мамандар командасы жасақталған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы