Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 25 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында Тараз қаласының теміржол вокзалы алаңына көненің көзі – ескі паровоз ескерткіші орнатылды.
Тарихи жәдігер осыған дейін локомотив депосының ауласында тұрғанын, теміржолшылар оны көпшілік үшін көрнекі жер – вокзал алаңына орнату үшін қалаға тарту етуге шешім қабылдағаны туралы жазған болатынбыз. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тұсында көне Тараз шаһары қайта түлеп, теміржол вокзалы да жөндеудеп өтіп, айналасы толық абаттандырылған. Бүгінгі күні ондағы аллеяда тұрған ескерткіштер көздің жауын алады. Енді, жамбылдық жеті мыңға жуық теміржолшылардың мақтанышы болған ескі паровоз Тараз вокзалының алдындағы алаңнан орын теуіп, көне шаһардың көркін одан сайын арттыра түсті.
Мәдени мұраны орнатуға бюджеттен қаражат бөлінбеген, барлық шығынды жамбылдық кәсіпкерлер өз мойнына алған. Пәленбай мың тонналық алып машинаны вокзал алаңына алып келу үшін арнайы рельс төселіп, кәдімгідей темір табанды жолмен жүріп келгені де естен кетпейтін қызық оқиға болды. Осыдан 70-80 жыл бұрын Коломенск зауытында шығарылған паровозды келешекте мәдени ескерткіштер тізіміне алу мәселесі де қаралмақ.

Көне шаһардың бас темір жол қақпасы алаңында осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған аллеядағы ескерткіштер қатарын толықтырған көнекөз паровоз ескерткішінің ашылу салтанатына қала басшылары мен тараздықтар, теміржолшылар қатысты.
Құрметті теміржолшы Қалтай Сәмбетов, Асқар Сәрсенбеков бастаған ардагерлер арнайы келіп, Кеңес одағының локомотив құрастырушы инженері Лев Лебедянскийдің аталған паровозды құрастырып шығудағы еңбегі, жәдігер тарихы жайлы естеліктер айтты.
Сұлугүл Бакесова
Фото автордыкі
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
130
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»