Главная Новости Таразда темір жол үсті көпірі салынады
30 желтоқсан 2022, 14:00 1611

Таразда темір жол үсті көпірі салынады

Таразда темір жол үсті көпірі салынады

Тараздағы Абай даңғылы бойындағы темір жол үстінен өтетін көпір салынып автокөліктердің еркін жүріп-тұруына жағдай жасалады, деп хабарлады Rail-news.kz.

Қазіргі кезде темір жолдан өтетін екі өткел бар, біріншісі Жібек жолы даңғылы мен Балуан Шолақ көшесінің қиылысында, екінші жаңа үлкен өткел Айша бибі мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Жаңа көпір Абай даңғылың біріктіріп, Балуан Шолақ пен Самарқанд көшелерінің қиылысында салынады.

«Біздің қазіргі істеп жатқан ең үлкен жұмысымыз, темір жолмен бөлінген Абай даңғылын қосып көпір салу. Егер сол көпір салынса, бәрі айналып жүрмейді. Қала әкімдігі құжаттарын дайындап жатыр, кейін өкіметпен жұмыс жасайтын боламыз», - деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Jambyl» телеарнасында өткен Әкім сағатында.  

Ерман Әбдиев

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: