Главная Новости Ташкентте ТМД теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті
07 қараша 2024, 13:30 752

Ташкентте ТМД теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті

Ташкентте ТМД теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті

Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында Достастыққа қатысушы мемлекеттер теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 81-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.

Кеңес отырысына Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы және Латвия Республикасы, Эстония Республикасының теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында темір жолдар желісінің пайдалану жұмыстарының қорытындысы шығарылып, жүктерді тиеу мен тасымалдаудың өсуі байқалды. Сондай-ақ, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түйісу пункттері жұмысының тиімділігі мен интеграциясы, халықаралық көлік дәліздерін одан әрі ілгерілету мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында екіжақты кездесулер өтіп, онда жүк пен жолаушылар тасымалы бойынша өзара іс-қимыл жоспарлары жасалды.

Анықтама: 2024 жылдың 9 айында 1,2 млрд тонна жүк; 1,3 млн жүк вагоны; 54,9 млн тоннасы контейнерлерде тасымалданды. Осы кезеңде халықаралық қатынаста тасымалданған жолаушылар саны артты. 7,3 млн жолаушы тасымалданды (өсім 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,1%).

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: