Главная Новости Тасымал ісінде қағазбастылық қысқарады
15 желтоқсан 2021, 08:56 1513

Тасымал ісінде қағазбастылық қысқарады

Тасымал ісінде қағазбастылық қысқарады

Ресейдің Калининград қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Российские железные дороги» ААҚ стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының оныншы отырысы өтті.

Тараптар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен «РЖД" ААҚ Бас Директорының бірінші орынбасары Сергей Павловтың басшылығымен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Олардың арасында – «РЖД» ААҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ/ «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС қатысуымен қағазсыз технология бойынша жүктер мен вагондарды тасымалдауға көшуді жандандыру жөніндегі жол картасын және «РЖД» ААҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бар.

Кездесу қорытындысы бойынша «РЖД» ААҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлескен жұмыс тобы оныншы отырысының хаттамасына қол қойылды. Қазақстандық және ресейлік теміржолшылар кезекті кездесуді 2022 жылдың І тоқсанында Қазақстанда өткізуге келісті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: