Бүгінде Еліміздің барлықөңірлеріндегі кәсіпорындар қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына бір кісідей жұмыла қатысып жатыр. Әр саламамандарымен бірге біздің мұнайшылар да мұндай игі істен қалыс қалмай қолдарына кетпен-күрегіналып, туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуда.
Жалпы, «Таза Қазақстан»республикалық экологиялық науқаны аясында өткізіліп жатқан «Таза кәсіп – таза аймақ» іс-шаралары жалпыұлттық акцияға өз үлесімізді қосу, жерлестерімізді туған жерімізді құрметтеуге, табиғатты аялауға, қорғауға,қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайтумақсатында ұйымдастырылуда. 3-4 сәуір күндері ұйымдастырылған сенбілікке «Маңғыстаумұнайгаз» мекемесіне қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы цехтарының қызметкерлері белсенді қатысып, өндірістік цехтар аумақтарында алма, алмұрт және шабдалы жеміс ағаштарының 315 көшетін отырғызды. Бұл бастама Жетібай жеріндегі қоршаған ортаның сапасын арттыруға, жайлы жасыл кеңістіктерді көбейтуге оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Жыл соңына дейін барлығы 1207 ағаш пен бұта көшеттерін, сондай-ақ 650 бір жылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Бұл бір реттік науқан емес, жоспарбойынша «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ аумағында көгалдандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, жыл бойы жалғасатын болады.