Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің ұжыммен театрға бару шарасы үш күнге жалғасады. Кеше Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында өткен алғашқы сеансқа «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының ұжымы келіп, «Қос жебе» спекталін тамашалады.
«Қос жебе» қойылымына халық өте көп келеді. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы 3 спектальге тапсырыс беріп отыр. Соның алғашқысы «Қос жебе» спектаклін компания ұжымына ұсынғалы тұрмыз. Спектакльге келуші мұнайшылардың қатары өте көп. Мұнайшылар өндіріспен айналысып, еліміздің экономикасын көтерумен қатар руханиятын да дамытуға көңіл бөліп отырғаны қуантады. Ұлттық өнерге қолдау көрсетіп отыр. Ұрпаққа жақсы тәрбие беру үшін бұл өте маңызды дүние», – деді Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры директорының орынбасары Тоқтамұрат Тілеу.
«Қос жебе» қойылымы көпшіліктің көңілінен шығып, мұнайшылар спектакльді соңына дейін тамашалады. Ерекше көңіл-күй сыйлаған театр ұжымына алғыс айтып, құрмет-қошемет көрсетті.
«Бүгінгі спектакль өте жақсы, ұнады. Осынау игілікті шараға «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының демеушілігімен келіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Көп-көп рақмет айтамыз. Спектакльден жақсы әсер алдық», – деді «Жетібаймұнайгаз» ӨБ операторы Айтбек Абдуллаев.
«Өте тамаша спектакль өтті. Үлкен қызығушылықпен бастан аяқ көріп шықтық. Менің жолдасым «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясында жұмыс істейді. Бүгінгі спектакльге немереміз екеуміз келдік. «Қос жебе» спектакльі өте тамаша қойылым болды. Үлкен ой салды. Көптен бері осындай рухани демалыс қажет болып жүр еді. Ендігі уақытта осындай рухани шараларға көңіл бөліп, жиірек келіп тұрсақ дейміз. Спектакльге тумаластарымыз да келді, оларға да қатты ұнады», – деді Теңге Байбозқызы.
Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында сахналанатын келесі спектакльді «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ қызметкерлері тамашалайды. Театр әртістері көрермен санасын серпілтіп, руханиятын молайтатын қойылымдар ұсынбақ ниетте.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
99
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы