Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ алаңында теміржол нысандарында азаматтардың өндірістік емес жарақаттануының алдын алу мәселелеріне арналған брифинг өтті.
2022 жылғы 4 айда осындай 25 жағдай тіркелсе, оның ішінде 13-і өліммен аяқталды. Бес жағдайда зардап шеккендер мас күйінде болған. Балалардың басындағы жағдайлар ерекше алаңдаушылық тудырады.
Жарақаттанудың негізгі себебі – зардап шеккендердің Темір жол арқылы өту ережелерін бұзуы. Адамдар асығысады, құлаққап арқылы музыка тыңдап, қауіп туралы ескерту белгілерін елемейді, келе жатқан пойыздың шуын да, локомотивтер дыбыстарын да естімейді. ⠀
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да пойыздардың қарқынды қозғалысы бар 18 учаске анықталса, онда адамдардың жарақаттану жағдайлары, өзіндік бір алаңдатарлық нүктелері жиі тіркеледі. Бұл Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Семей, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінің станциялары мен аралықтары», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Ниязбек Жаңабаев.
ҚТЖ күшімен жаяу жүргіншілер үшін жер төсемі салынуда. Соңғы төрт жылда 64 станцияда жарықтандырумен, қауіпсіздік белгілерімен және теміржол арқылы қауіпсіз өту орнының көрсеткіштерімен жабдықталған төсемдері бар жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров компанияның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне темір жолдардың белгіленбеген жерлерінен өткені, темір жол жолағында мал жаю және өзге де бұзушылықтар үшін айыппұлдарды ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізуге бастамашы болғанын атап өтті. ⠀
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Иван Костыряның айтуынша, теміржолда ойындар, әлеуметтік желілер мен селфи үшін экстремалды түсірілімдер ұйымдастыратын балалардың ата-аналарынан сұранысты күшейту керек.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
103
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы