Главная Новости Темір жол қауіпсіздігі – балалар көзімен
19 тамыз 2024, 12:59 743

Темір жол қауіпсіздігі – балалар көзімен

Темір жол қауіпсіздігі – балалар көзімен

Биыл «Еңбек қорғау және өндірісте технологиялық процестерді сақтау» жылы болып жариялануына орай темір жол саласында әр түрлі шаралар өтіп жатыр. Соның бірі жер-жерде «Өзіңді сақта» атты балалар арасында сурет салудан байқау өтіп жатыр.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде өткен сайысқа ШЧ, ЭЧ, ПЧ мекемелері қызметкерлерінің 4-12 жас аралығындағы балалары қатысты.

Сурет салуды жақы көретін бүлдіршіндер аз емес екен, десек те қазылар алқасы ШЧ-9 Ақжайық атынан қатысқан Ақбөбек Думанқызының сәтті шыққан шығармасын 1-орынға лайық деп таныды. Ал екінші орынды Тұрлан Нурикамал жеңіп алса (ШЧ-8 Атырау), 3-ші орынды Нұрбергенұлы Нұрислам (ШЧ-9 Ақжайық) иеленді. Балалар өз суреттерінде теміржолға қатысты өз ой-қиялдарын бояумен қағазға түсіріп, қауіпсіздік пен сақтық шараларын бейнелеуге тырысқан.

Жеңімпаздарды бөлімше басшысының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов арнайы диплом және сыйлықпен марапаттап, оларға шығармашылық табыс, оқуда озат болуды тіледі.  

Қосұйым Мұқашев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: