Главная Новости Теміржол мұражайына саяхат
02 маусым 2022, 09:20 2084

Теміржол мұражайына саяхат

Теміржол мұражайына саяхат

Теміржолшылардың балаларына ҚТЖ мұражайы мен тасымалдауды басқару орталығына экскурсиялар ұйымдастырылды. Акцияға жүзге жуық оқушы қатысты.

Тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығын темір жолдың «жүрегі» деп атайды. Тасымалдауды басқару орталығына кіруге қатаң тыйым салынады, бірақ бұл күні балаларға рұқсат етілді.

ТБАО менеджері Наталья Гофман тасымалдау процесіндегі маңызды тұлға диспетчерлердің жұмысы туралы айтып берді. Олар пойыздардың үздіксіз қозғалысына жауап береді. Олардың барлығы да қозғалыс қызметінде үлкен тәжірибесі бар мамандар.

Диспетчерлер оркестрдегі дирижер ретінде тәулік бойы жүк және жолаушылар құрамының қозғалысын басқарады. Нақты уақыт режимінде олардың компьютерлерінің экрандарында темір жолдағы жағдай көрсетіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: