Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚТЖ-да ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен теміржолдағы мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру бойынша Жол картасын іске асыру бойынша кеңес өтті.
Жол картасы аясында Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарының перрондарында полицияның мобильді пункттері орнатылды. Жолаушылар қауіпсіздігі үшін жолаушылар пойыздарының барлық бағыттарында вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда бейнебақылау камералары орнатылған.
Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жүргізу үшін теміржол станциялары мен вокзалдар қосымша бейнебақылау камераларымен жарақтандырылады. Бейнежазба полиция бөлмелеріндегі мониторға түседі және кем дегенде 30 күн сақталатын болады.
ҚТЖ локомотивтері шұғыл тежеулерді, кестеден тыс тұрақтарды және жазатайым оқиғаларды тіркеу үшін ішкі және сыртқы бақылау бейнетіркегіштерімен жабдықтауды жалғастыруда. Қазіргі уақытта бейнебақылау жүйесі 347 локомотивте жұмыс істейді.

Тасымалдау процесінің тиімділігін және магистральдық желіде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін "цифрлық шеңбер"жылжымалы құрамды бақылау жүйелерінің ауқымды жобасы іске асырылуда. Қарағанды-Сұрыптау, Жаңаарқа, Арыс, Қандыағаш және Локоть станцияларында бейнебақылау жүргізуге, лазерлік құрылғылар мен таразы аспаптарын қолдана отырып жүктердің жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін шеңбер орнатуды жоспарлап отыр. ҚТЖ станцияларға келетін және кететін вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыратын қолданыстағы 40 кешенге жаңғырту жүргізеді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін вагондардың шамадан тыс жүктелуіне немесе керісінше жүктің жетіспеуіне жол бермеу үшін Риддер, Аягөз, Шу, Шымкент, Түркістан, Дегелен, Алматы-1, Шиелі, Шетпе, Өзен, Павлодар, Тобыл, Қостанай, Алтынкөл, Сарыағаш, Ганюшкино және Шарбақты станцияларының парктерінде вагон таразылары орнатылған.
Теміржолда адамдар мен малдарға соқтығысу санын азайту бойынша алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. 540 тыйым салатын белгілер жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы 209 белгі жаңартылады. Жыл сайын темір жолға малдың шығуын болдырмайтын 1000 км қоршау құрылғылары орнатылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
118
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
116
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы