Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚТЖ арнайы техниканы Қазақстанның басқа өңірлерінен су басу аймақтарына жедел жеткізу үшін вагондар бөледі. Тиісті тапсырманы вице-премьер Қанат Бозымбаев берді. Теміржолшылар су тасқыны салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге тәулік бойы арнайы техниканы тасымалдауды ұйымдастырады.
Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Қостанай станцияларынан бульдозерлер, тракторлар, самосвалдар, камаздар, тиегіштер, манипуляторлар, су тасқынымен күресуге арналған крандар Орал, Атырау, Ақтөбе және т. б. бағытталды.
ҚТЖ пойыздарымен авариялық-құтқару жұмыстарына қатысу үшін 4 мың құтқарушы, әскери қызметші тасымалданды. Су басу орындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін пойыздар құрамындағы вагондар бөлінді.
Атырау - Құлсары - Атырау және Құлсары - Маңғыстау бағыттары бойынша 12 мың адам өтеусіз негізде жолаушылар пойыздарымен тасымалданды. 2 мыңнан астам жолаушы Атырау - Маңғыстау, Атырау – Алматы және Атырау - Астана бағыттары бойынша қосымша вагондармен шығарылды. Қосымша пойыздар Орал — Қызылорда, Атырау - Қарағанды, Алматы — Атырау бағыттары бойынша жүреді, бұл 2 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. Су тасқынынан зардап шеккен аудандардан 500 баланы емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерьлеріне тасымалдау ұйымдастырылды.

Су тасқыны кезінде елдің кейбір аймақтарында темір жол жалғыз көлік түрі болып қалып отыр. ҚТЖ барлық бөлімшелері күшейтілген режим жұмысына ауыстырылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізудің арқасында теміржол инфрақұрылымы зардап шеккен жоқ, пойыздардың қозғалысы кесте бойынша жүзеге асырылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»