Главная Новости Темірден түйін түйген
28 наурыз 2023, 17:16 1386

Темірден түйін түйген

Темірден түйін түйген

Қаражанбас талай еңбек адамдары бір толқында тоғысқан ірі өндіріс ошағы. Олардың әрқайсысы Маңғыстау мұнайын игеруге сүбелі үлес қосып, саланың майталман маманына айналуды мақсат еткен. Адал еңбек пен адами құндылықтарды басты ұстанымға айналдырған қаражанбастықтар үкленге құрмет көрсетіп, жастардан ізетін аямайды.

Компанияда қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес, пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының еңбек ұжымы 6-дәрежелі электргазбен дәнекерлеуші Қанат Күнғараевты құрметті демалысқа шығарып салды. Цех басшылығы зейнет жасына жеткен ардагерге кен орнын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ әріптестер атынан өмірдің жаңа белесіне сәттілік тілеп, шапан жауып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Қанат Күнғараев 22 жылдан бері ПЖИЖЦ-да табан аудармай еңбек етіп келеді. Ол жұмысқа кіріскен шақтан бастап жылжымалы дәнекерлеу аппаратын бес саусағындай меңгеріп, күн сайын бірнеше өндірістік объектіде жұмыс істейді. Ұзақ жылғы тәжірибе арқасында білікті маман кез келген қиындықтағы дәнекерлеу жұмыстарын тез әрі сапалы орындауға машықтанған. Кейіпкеріміз жарқын да еселі еңбек жолы арқылы саланы дамытып, қара алтын өндірушілердің қуатты буынын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосты.

«Қызметке құштарлықпен кіріскенде уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалады екенсің. Елім үшін еңбек ете жүріп, соңғы вахтама келгенімді де аңғармаппын. Қаражанбас менің үлкен тәжірибе мектебіме айналып, ұжымдастар туысымдай болып кетті. Жасымды, өзімді сыйлап, көрсетіп жатқан құрметіне шексіз алғысымды білдіремін», – деді ол.

Енді Қанат Күнғараев үшін ғибратты ғұмыр кітабының жаңа парағы ашылады. Десек те, алпыстың асқарынан асқан адал еңбек иесі ұйымшыл ұжымы туралы үнемі мақтанышпен айтып отыратынын жеткізді. Әріптестерінің ыстық ықыласына риза болған ардагер, ізбасарларына өсиетпен өрілген ақ батасын берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: