Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан теміржолшылары метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты (қар, қатты жел, боран) ерекше жұмыс кестесіне көшті. Ол пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Күшейтілген режимде жол шаруашылығы қызметкерлері жұмыс істеуде. Магистральдық жолдарды үздіксіз тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қар тазалау техникасы жоғары дайындық режимінде.
Қалың жауған қардың әсерін мамандандырылған машиналар жоюда. Теміржол төсемін тазарту жұмыстарына 70 астам мамандандырылған техника жұмылдырылды. Техника өте алмайтын жерлерде сырғанауды жою үшін 2 мың теміржолшы шықты. 1-7 ақпан аралығында 10 мың шақырымнан астам жол жедел тазартылып, 114 мың текше метрге жуық қар шығарылды.
Локомотив деполарында машинистер мен көмекшілерге ауа-райының қиын жағдайында әрекет ету тәртібі туралы қосымша нұсқау берілді. Оларға жол бойында қырағылық пен ұқыптылық таныту ұсынылды. Локомотив бригадалары жолаушылар және жүк пойыздарының үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін станция бойынша кезекшілерді және пойыз диспетчерлерін жолдың қар жатқан учаскелері туралы хабардар етеді. Локомотивтер мен вагондардың техникалық жағдайына ерекше назар аударылады.
Жолаушыларды тасымалдаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін вокзалдар бойынша кезекшілерге, пойыз жолсеріктеріне жұмысты күшейту ұсынылды. ҚТЖ құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары басшыларының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта теміржол штаттық режимде жұмыс істейді.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, жел секундына 30 метрге дейін күшейеді.
Қолайсыз ауа-райы жағдайында жолаушыларға сапардан бас тартуға кеңес беріледі. Анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша, "ktzh_pp_bot" телеграм-боты және @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы тегін алуға болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
310
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи