Главная Новости Теміржол аумағында терроризм акті жасалған жағдайда қалай әрекет ету керек?
23 сәуір 2024, 17:39 297

Теміржол аумағында терроризм акті жасалған жағдайда қалай әрекет ету керек?

Теміржол аумағында терроризм акті жасалған жағдайда қалай әрекет ету керек?

Теміржол аумағында, жолаушылар легі көп жерлерде терроризм қаупі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайда қалай әрекет ету керек? Түбек теміржолында қажетті қызмет өкілдері бас қосқан жиында осы мәселе көтерілді.

Жиын Сай-Өтес станциясында желілік полиция өкілдерінің ұйытқы болуымен өтті. Станциядағы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Нұрлыбек Рахметов теміржол станциясы мен вокзал басшылығы, әскерилендірілген теміржол күзетінің команда бастықтарын арнайы шақырып, тақырыпқа сай іс-қимылдарды талқылап, тиісті әрекет ету жөнінде түсінік берді.  

Яғни “Терроризм актісі нәтижесінде пайда болған техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерді жою бойынша, күдікті зат табылған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы”, Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісі қатері кезіндегі іс-қимылдар және профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастыруға қажетті көмек көрсету жайы баяндалды. Осы тұрғыдан қашанда сақтық әрекеттерін ұстанып, алдын алу шараларын назарға алу жайы сөз болды.  

– Біздің көздеген мақсатымыз ең алдымен көпшілік шоғырланатын орындарда, мысалы вокзалдар мен жолаушы пойыздарында халықтың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған іс әрекеттерге тиісті қызмет өкілдерін үйрету немесе дайындау болмақ. Сондай ақ жоғарыда аталған төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралары мен іс-қимылдарын ұйымдастыруды пысықтау бағытында бүгінгі жиынды өткіздік. Бұл нысаналы топ өкілдерінің басқосуынан бөлек вокзал қызметкерлеріне де жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Өйткені вокзал – халық ең көп шоғырланатын нысандардың бірі, – дейді желілік полиция бөлімінің басшысы.  

Шахида Жұман

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: