Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жолаушы вокзалға кірген кезде QR-кодты Ashyq мобильді қосымшасы арқылы немесе Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшалар арқылы сканерлеу қажет. Жолаушыда қосымша немесе смартфон болмаған жағдайда кіре берісте вокзал кешені қызметкеріне ЖСН көрсету қажет.
17 маусымнан бастап Нұрлы жол теміржол вокзалы кешенінде «Ashyq» жобасы енгізілді. Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен вокзалдарында жоба ағымдағы жылдың 21 маусымынан бастап жұмыс істей бастайды.
1 шілдеден бастап «Ashyq» жобасын Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу вокзалдарында енгізу жоспарланып отыр. Бұл шара короновирустық инфекцияның таралу қаупін азайтып, жұқтыруға әкелетін байланыстар санын қысқарту мақсатын көздейді.
"Жолаушылар вокзал кіреберісіндегі QR-кодты сканерлеу арқылы кіре алады. Мәртебесі жасыл не көк түске ие болса, бекетке кіруіне рұқсат", - дейді "Нұрлы жол" вокзалының менеджері Батырхан Әбдікәрім.