Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының басынан бастап (мамырдан 19 қаңтарға дейін) ҚТЖ желісі бойынша республика ішінде 54,3 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңі көрсеткіштерінен 2,6 млн тоннаға артық.
Оның ішінде жылу электр орталықтарына (ЖЭО) 49 млн тонна көмір тасымалданды, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 3,2 млн тоннаға артық. Коммуналдық-тұрмыстық секторға теміржол көлігімен 5,3 млн тонна көмір жеткізілді.
Мемлекеттік органдардың ақпараты бойынша, мамырдан 19 қаңтарға дейін өсіп келе жатқан қажеттілік жоспары 5,4 млн тонна қатты отынды құрады, бұл ретте 7,2 млн тонна, яғни жоспарлы қажеттіліктен 34% артық дайындалды. Көмір операторлары қоймаларында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған шамамен 435 мың тонна көмір жинақталған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алаңында көмір тасымалдауды үйлестіру мақсатында тұрақты негізде “ҚТЖ” ҰК” АҚ, жергілікті атқарушы органдар мен көмір өндіруші кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен Республикалық штабтың кеңестері өткізіледі.
Жалпы, жылжымалы құраммен көмір тасымалдауды қамтамасыз ету және шарттық жеткізілімдерді орындау мәселелері әкімдіктер тарапынан да, көмір разрездері тарапынан да туындамауда.
Энергия кәсіпорындарына және Қазақстан Республикасы тұрғындарын қамтамасыз ету үшін көмір тасымалдау ерекше бақылауда. ҚТЖ жедел штабының жұмысы тұрақты режимде жүзеге асырылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!