Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Көлік министрлігінде теміржол саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобының көздеген негізгі мақсаты – заңнамалық реттеу және теміржол қызметтері нарығындағы субъектілердің өзара іс-қимыл технологиясын жетілдіру.
Осылайша теміржол саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында биыл Көлік министрлігінің теміржол инфрақұрылымы мен жүк тасымалдау процесін реттейтін 9 бұйрығына түзетулер енгізілді.
Сондай-ақ Үкімет Аппаратының отандық кәсіпкерлер кеңесінің мәселелері жөніндегі хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында халықаралық (транзитті қоспағанда) және республика ішіндегі қатынастарда ел аумағында теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы үлгілік келісімшарт қайта қаралып, тиісті өзгерістер енгізілді.
Бұл түзетулер жобасы транзиттік тасымалдардың қайталанатын нормаларын жойып, елдегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін оларды ұлттық заңнамаға сәйкес келтіруді көздейді.
Қазіргі таңда Көлік министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы үлгілік келісімшартына енгізілген ұсыныстарды мақұлдады. Бұйрықтың тиісті жобасы мемлекеттік органға келісуге жіберілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
209
05 марта 19:08
На 98% за год вырос объем закупок у отечественных производителей фондом "Самрук-Казына"