Главная Новости Теміржолда жоспарлы тексеру жүріп жатыр
17 сәуір 2024, 16:17 301

Теміржолда жоспарлы тексеру жүріп жатыр

Теміржолда жоспарлы тексеру жүріп жатыр

ҚТЖ желісінде жол шаруашылығын көктемгі комиссиялық тексеру жүріп жатыр. Жыл сайын қыстан кейін жол инфрақұрылымы, жер төсемі, жасанды құрылыстар, энергиямен жабдықтау, автоматика, телемеханика, байланыс құрылғылары мұқият тексеріледі.

Іс-шара пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тексеру кезінде жолдың жалпы жағдайы, жазғы және өсіп келе жатқан жолаушылар мен жүк тасымалына дайындығы бағаланады. Бірінші кезекте жөнделетін учаскелер анықталады. Ағымдағы жылы барлығы 1400 шақырымнан астам магистральды жөндеу жоспарлануда, оның 570 шақырымы - күрделі.

Сондай-ақ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалдары мен бөлімшелері персоналының техникалық білімі тексеріледі, олардың кәсіби даярлық деңгейі айқындалады. Құрылымдық бөлімшелерді керек-жарақпен, жабдықтармен, материалдармен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді.

Комиссиялар компанияның барлық өңірлік бөлімшелерінде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда негізгі темір жолдардың 15 пайызы тексерілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: