Главная Новости Теміржолда ұрлыққа жол жоқ... па?
15 желтоқсан 2018, 10:26 2810

Теміржолда ұрлыққа жол жоқ... па?

Теміржолда ұрлыққа жол жоқ... па?

"Қазақстан темір жолы" компаниясы Қытаймен шекарадағы теміржол телімдерінде тәртіпті күшейтіп, жүк ұрлығын тыюға бекініп отыр. Таяуда теміржол бөлімшелерінің басшылары, Әскериленген теміржол күзеті, ІІМ көліктегі жол полициясы, Бас көліктік прокуратурасы, ИДМ Көлік комитеті өкілдерінің қатысуымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ кеңейтілген селекторлық отырысында тасымалданатын жүктердің  сақталуы мәселелеріне ден қойылды.

Селекторлық кеңес қатысушылары теміржол көлігіндегі ұрлық жағдайларының алдын алу жөніндегі шараларды талқылады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Сауырбаев мәлімдегендей, Достық станциясы, Достық-Саяқ, Достық-Матай телімдеріндегі станциялар паркінде өткізу тәртібі күшейтілген.

Контейнерлік пойыздардың жүру жолдарында күзет қызметі үшін жағдайлар жасалуда. «ӘТЖК» АҚ Қарағанды филиалының қызметкерлері үшін вахталық тәсілмен жұмыс істеу ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Қ.Сауырбаев жүктердің тасымалы кезінде олардың сақталмауы туындамауы үшін алдын алу іс-шараларын күшейту қажеттігін атап көрсетті.

Жеке филиалдар басшылары тасымалданатын жүктерді қызметкерлердің қолды етуінің алдын алу жөніндегі жұмыстар туралы баяндап берді. Мәселен, тасымалданатын жүктер сақталымына және рұқсат етілмеген қол салудың алдын алу мақсатында кенеттен түнгі тексерістер өткізіліп, станцияларда бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

«ӘТЖК» АҚ департамент директоры Серікжан Атыманов 2018 жылдың 11 айында ұрлық деректері төмендеп, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% болғандығын алға тартты.

Қытайдан шығып Еуропа бағытына жөнелтілетін транзиттік контейнерлік тасымал құрамы Достық-Ақтоғай-Саяқ, Достық-Ақтоғай-Матай телімдерінде қатаң бақылауға алынған. 

«Біз инфрақұрылымның  стратегиялық маңызды нысандарын және теміржол жүктерін күзету саласында заманауи цифрлық технологияларды енгізу үшін ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де жағдайларын жасаудамыз. Кадрларды таңдау мен келісу, персоналды кәсіби даярлау сапалы жүргізілуде», - деді С.Атыманов.

Селекторлық кеңес қорытындысы бойынша кейбір бағыттарға номенклатуралық жүктерді, соның ішінде халықаралық контейнерлік пойыздарды сүйемелдеп жүру үшін ӘТЖК ғана емес, өзге де күзет ұйымдарын тарту жөнінде ұсыныстар айтылып қалып жатты.

Сондай-ақ кеңес қатысушылары теміржол көлігіндегі ұрлықтың алдын алу бойынша міндетті түрде қозғалған істерді байыпты қарайтын және тиісінше шешім шығаратын соттарға жеткізу және құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту ұсыныстарын жасады.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: