Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Wabtec Corporation-мен бірлесіп жүк пойыздарының жұмысы үшін Trip Optimizer бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда, бұл отын-энергетикалық ресурстар шығынын және жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ және Wabtec Corporation компаниялары өкілдерінің жұмыс кездесуі Астана қаласында өтіп, оның барысында озық цифрлық шешімдерді қолдану саласындағы ынтымақтастық шеңберінде Trip Optimizer-ді енгізу жөніндегі жобаны іске асыру талқыланды.
Trip Optimizer – бұл Evolution сериялы локомотивтер үшін адаптивті круиздік бақылауды ұсынатын инновациялық жоба. Аталған технология маршрут, маршрут профилі, пойыз құрамы және басқа жағдайлар сияқты көптеген факторларды ескере отырып, отын шығынының оңтайлы моделі негізінде пойыздың жылдамдығын басқаруға мүмкіндік береді. Trip Optimizer сонымен қатар локомотивтің қазіргі жағдайын ескереді, бұл оның әлеуетін барынша арттыруға және жабдықтың тозуын азайтуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама жүк пойыздарының үнемді жұмыс режимдеріне ықпал етуі тиіс, бұл болашақта отын-энергетика ресурстарының шығынын кемінде 5% төмендетуге мүмкіндік береді.
«Trip Оptimizer бағдарламасы ҚТЖ жүк локомотивтері жұмысының тиімділігін одан әрі арттыруға көмектеседі. Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту экономикалық тиімді ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза болуы тиіс. Осы әсерлер үйлесімі біздің темір жол технологияларының көшбасшысы ретіндегі ұстанымымызды нығайтады», - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының стратегия жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Trip Optimizer сияқты цифрлық шешімдерді қолдану локомотивтің тозуын азайтады, қауіпсіздік деңгейін жоғарылатады, сонымен қатар отын үнемдейді.
Wabtec корпорациясы теміржол, тау-кен, теңіз, стационарлық энергетика және бұрғылау үшін жабдықтар, қызметтер және цифрлық шешімдердің әлемдік технологиялық көшбасшысы және жеткізушісі болып табылады. Компания жүк және жолаушылар локомотивтерін, теміржол белгі беру және байланыс жүйелерін, ақпараттық технологиялар үшін шешімдер, кеме қозғалтқыштарын, тау-кен самосвалдары мен бұрғыларға арналған электр жетек жүйелерін, жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді және қосымша қызметтерді ұсынады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
77
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
85
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы