Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Корпоративтік даму департаментінің менеджері Мақсат Еркінов жыл сайын өтетін 14-ші Self-Transcendence (өзін-өзі жеңу) ультрамарафонында үшінші орын иеленді. Мәре уақытының қорытындысы бойынша ол ресми түрде нәтижелер хаттамасымен - 93 километр 400 метр, сағат бойынша - 102 километр 200 метр жүгірді.
Қазыбек Нұржанов атындағы Қарағанды жеңіл атлетика манежінде Қазақстан мен Ресейдің түрлі қалаларынан 35 спортшы жарысты. Теміржолшы Мақсат Еркінов ерлер арасында 18-45 жас санатында бақ сынасты.
Мен үшін ҚТЖ атынан жарысқа түсу, жеңімпаздар тұғырында тұру мәртебе. Мен компания туын мақтанышпен жайдым. Бұған дейін ультрамарафондарға қатысқан емеспін. Бір жылдан астам уақыт спортпен шұғылданамын, жарыс ауыр, бәсекелестік күшейіп, ұзақтығы қиынға түсті. Қолдау мен жарыс қарқының жоспарлау арқасында 3 орынға ие болдым.
Барлық 12 сағат ішінде Ұлы триатлон чемпионы Марк Алленнің сөздері ойға орала берді.
«Сіз жүгіруді жалғастыра аласыз, содан кейін аяғыңыз бір апта бойы ауырады. Сіз қашықтықтан кете аласыз, содан кейін сіздің жаныңыз өмір бойы ауырады», – дейді Мақсат Еркінов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ультрамарафонның басты мақсаты – ел халқын жүйелі жүгіру сабақтарына баулу, мықты спортшыларды анықтау, ал қатысуға басты ынталандыру – өзіңді жеңу.