Главная Новости Теміржолшы Әбеновтер ең үздік еңбек әулеті деп танылды
05 қараша 2021, 08:00 2601

Теміржолшы Әбеновтер ең үздік еңбек әулеті деп танылды

Теміржолшы Әбеновтер ең үздік еңбек әулеті деп танылды

«Еңбек жолы» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды теміржолшы Абеновтер отбасы иеленді. Әулеттің теміржол көлігіндегі жалпы еңбек өтілі 290 жылды құрайды. «Алғыс хат» отбасы өкілі Сымбат Әбеноваға табыс етілді.

Жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсы еліміздің үздік еңбек әулеттерін  анықтап келеді. Іс-шара Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын, ұрпақтар сабақтастығын сақтауды қамтамасыз ету үшін өткізіледі.

Абеновтар отбасында болат магистральға деген сүйіспеншілік ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Қазір темір жолда төртінші буын жұмыс істеуде. Әулеттің негізін қалаушылары – шеше және әке жағынан екі атасы – Ұлы Отан соғысының ардагері Әбен Балғымбеков пен Сауехан Ысқақов. Әбен Балғымбеков 32 жыл локомотив депосында паровоз машинисі болып жұмыс істеді. Соғыс кезінде майданға әскери техника, оқ-дәрілер және жанар-жағар май жеткізді. Сауехан Ысқақов 33 жылын жол қараушы мамандығына арнады.

Олардың балалары Қанат Әбенов пен Шайзат Ысқақова отбасын құрып, ата-аналарының ізімен темір жолға жұмысқа келді. Қанат Әбенов өмірінің 45 жылы ішінде слесарьдан Ағадыр локомотив депосының машинист - нұсқаушысына дейінгі жолдан өтті. Ол теміржол басшылығы тарапынан бірнеше рет ыңталандыру сыйлығын алды. Адал және мінсіз еңбегі, саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталып, ерекше «1 000 000 км апатсыз жұмыс» ерекшелік белгісі табыс етілді және де «Коммунистік еңбек екпіндісі» және «Еңбек ардагері» атағы берілді. Жұбайы Шайзат Ысқақова Ағадыр станциясында 30 жыл белгі беруші болып жұмыс істеген. Олар бес баланы тәрбиелеп өсірді.

Аталар бастаған іс балалар мен немерелерде жалғасын тапты. Эстафетаны бірінші болып ұлы Талғат Қанатұлы қабылдады. Ол нағыз ерлер атқаратын мамандықты – пойыз жүргізуді тандады. Қазіргі уақытта Қарағанды локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары болып жұмыс істейді. Ортанғы ұлы Бекзат Қанатұлы – Қарағанды локомотив пайдалану депосында жолаушылар қозғалысының машинисі. Кенже ұлы Сағадат Қанатұлы Ақадыр локомотив депосында жолаушылар қозғалысының машинисі болып жұмыс істейді. Ұлдарының жұбайлары да теміржол көлігінде жұмыс істейді. Атап айтқанда, Әлия Әбенова-тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, Әсел Абдрахманова жылдамдық өлшеу таспаларының мағынасын ашу инженері, Үкімет Даржан Қарағанды ЖТ бөлімшесінің жетекші инженер технологы. Қанат Әбенова мен Шайзат Ысқақованың қызы Сымбат Қанатқызы  Ақмола ЖТ бөлімшесінде жұмыс істейді. Жұбайы Қуат Қасенов астаналық вагон пайдалану депосының вагондарын тексеруші болып жұмыс істейді.

Отбасы дәстүрін әулеттің негізін қалаушылардың шөбересі Мәди Әбенов жалғастыруда. Еңбек жолын ол пойыз құрастырушы болып бастап, содан кейін парк бойынша кезекші, станция бойынша кезекші, пойыздық  диспетчер болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Қарабас станциясының бастығы қызметін атқарады. Ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ даму бағдарламасы аясында «100 жас тұлға» қатарына енді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: