Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жалпы теміржол саласында еңбек етудің өзі үлкен қажыр-қайрат пен төзімділікті талап етеді. Ал жауапкершілігі мол жұмысты атқарып, онымен қоса спортпен тұрақты түрде шұғылдануға екі есе күш жұмсау қажеттігі айтпаса да түсінікті. Біздің кейіпкеріміз сондай қиындықты еңсеріп жүрген жан.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл ЖТ бөлімшесі филиалының өндірістік бөлім инженері Дәурен Мәдижан жуырда Алматыда өткен пауэрлифтинг пен парапауэрлифтингтен ел біріншілігінде өз салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Жарыстан үлкен олжамен оралған чемпионды филиал директоры Айдын Сеитбенбетов қабылдап, жеңісімен құттықтады. Кәсіподақ ұйымы жол сөмкесі мен спорттық форма табыс етті.
Дәурен спортқа кездейсоқ келмеген. Ол мектепте оқып жүргенінде дзюдомен айналысқан екен.
– Дзюдо шапшаңдықпен қатар ептілікті де талап ететін спорт түрі ғой. Спортзалда үздіксіз жаттығып, төккен терім талай табысқа жеткізді. Университет бітіргенше дзюдоны тастаған жоқпын. Қазақ күресінен де көптеген жарыстарға қатыстым, спартакиада, универсиадаларда жеңіс тұғырына көтерілдім. Халықаралық ареналарда да олжа салдым. Спорт шебері атағын алдым. Ал ауыр атлетиканың бір түрі саналатын пауэрлифтингпен 2019 жылдан бастап айналыса бастадым, – дейді Дәурен Мәдижан.
Біздің кейіпкеріміз былтыр пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында өз салмақ дәрежесінде екінші орын иеленген болатын. Ал биыл төрт жылдық тынымсыз жаттығулар жемісін беріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Дәурен Мәдижан теміржол саласында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 2014 жылдан 2017 жылға дейін Астана станциясында пойыз құрастырушы болса, 2017 жылы туған жерге жақындап, Жамбыл бөлімшесінің Шайқорық станциясына ауысқан. Ал 2018 жылдан бастап бөлімшенің өндіріс бөлімінде жетекші инженер. Биыл теміржолшылардың кәсіби мерекесінде филиал директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Өндіріс бөлімі – бөлімшедегі міндеті ауқымды, жауапкершілігі жоғары бөлімдердің бірі. Барлық құрылымдарда өндірістің үздіксіз жүруін қамтамасыз ететін бөлімде талап та, тәртіп те қатаң. Осы бөлімде үдеден шығып, табандылықпен еңбек етіп жүрген жетекші инженер жұмыстан тыс уақытын спорт кешенінде өткізеді.
Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
55
04 ноября 10:57
Как формируются стандарты и качество бортового обслуживания FlyArystan?