Главная Новости Теміржолшылар 80 мың оқушыға қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізді
15 января 2026, 16:02 232

Теміржолшылар 80 мың оқушыға қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізді

Теміржолшылар 80 мың оқушыға қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізді

2025 жылы теміржолшылар оқу орындарында темір жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша профилактикалық сабақтар өткізді. 80 мыңға жуық оқушы қатысты. «Заң және тәртіп» бастамасы шеңберінде әскерилендірілген күзет және желілік полиция бөлімшелерімен бірлесіп темір жолдардан өтуге рұқсат берілмеген орындарда 1 940 рейд жүргізілді.

Құқық бұзушылармен түсіндірме әңгімелер жүргізіліп, қасақана бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 42 айыппұл салынды.

Сондай-ақ, темір жол инфрақұрылымына жақын тұратын тұрғындармен жолдардың қауіпсіз өтуі және мал жаю мәселелері бойынша 2 749 кездесу өткізілді.

Теміржол көлігі объектілеріндегі балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. ҚТЖ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдарды тек белгіленген орындардан өтуге және теміржол нысандарының жанында аса сақ болуға шақырады.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: